Тренинг мақсаттары:
- Қатысушылардың мәдени айырмашылықтар туралы хабардар болу деңгейін көтеру.
- Мәдениетаралық ортада тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
- Басқа мәдениет өкілдеріне толерантты көзқарасты қалыптастыру.
Баяндамаларды талқылауға GM 21-098, GM21-099, GM21-100, GM21-101 топтарының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Негізгі тақырыптары мен мазмұны:
Мәдениетаралық түсіністікке кіріспе
Мәдени айырмашылықтар және олардың қарым-қатынасқа әсері
Мәдениетаралық қарым-қатынас дағдылары
Тренинг барысында студенттер мәдениетаралық өзара әрекеттесу жағдаяттарын талдап, топтық тапсырмаларды орындады және жанжалды жағдайлардың шешімін табуға бағытталған рөлдік ойындарды орындады.
Пікірталас және сұрақ-жауап түрінде кері байланыс берілді.
Тренинг нәтижесінде студенттер мәдени айырмашылықтар және олардың өзара әрекеттесуге әсері туралы негізгі білім алды, тиімді мәдениетаралық қарым-қатынас дағдылары қалыптасты, студенттер басқа мәдениет өкілдерімен қарым-қатынаста типтік қателерді тануды және болдырмауды үйренді.










