Ревматология кафедрасы

Ревматология кафедрасы 2019 жылы тамыз айында құрылды (ҚазҰМУ ректорының бұйрығы №194, 28.08.19ж).
Кафедрада 1-курс ЖМ «Клиникаға кіріспе» пәнінің студенттері, «Медицина» және «Педиатрия» мектептерінің 4-курс студенттері, 6-курс ОМ (Терапия) интерндері және «Ересектер және балалар ревматологиясы» пәні бойынша резиденттер мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде білім алады.
Кафедраның клиникалық базалары:
- «С.Ж. Асфендияров атындағы Медицина Университеті» Ішкі аурулар орталығы (Райымбек 50 А)
- Қалалық Ревматология орталығы, Алматы қ. (Құрманғазы 98)
- Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы (Әл-Фараби 146)
- Балалар қалалық клиникалық ауруханасы №2 (Алтынсарин 54)
- Балаларға арналған жедел медициналық көмек орталығы (Манас көшесі 40)
- ШЖҚ «№1 қалалық емхана» (Пушкин көшесі 65)
