«қоғамдық денсаулық» институтына қарасты «денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасы, «денсаулық сақтауды басқарудағы саясат» кафедрасы, «медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері» модулінің бірігуімен қазұму-ң коррупцияға қарсы бағдарламасының аясында «stop! – коррупция!» — атты,
Дөңгелек стөл өткізу туралы есеп
29.02.2016 жылы «Қоғамдық денсаулық» институтына қарасты «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасы, «Денсаулық сақтауды басқарудағы саясат» кафедрасы, «Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері» модулінің бірігуімен ҚазҰМУ-ң коррупцияға қарсы бағдарламасының аясында «STOP! – коррупция!» — атты, дөңгелек стөл өткізілді.
Дөңгелек стөлдің құрметті қонағы ретінде, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң Этикалық Кеңес төрайымы, Ректор Кеңесшісі м.ғ.д., профессор Мустафина Жанар Ғабиден қызы болды.
Бекітілген бағдарлама бойынша «Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері» модулінің меңгерушісі з.ғ.д., доцент Испаева Гульнара Бақытқызы «ҚР қылмыстық коррупция» — атты, тақырыптағы баяндамалық кіріспесімен дөңгелек стөлді ашты.
Дөңгелек стөлде «Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері» модулінің аға оқытушысы Байтекова Қанткүл Жумабекқызы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес. Нормативтік құқықтық актілер» тақырыптағы баяндамасымен, «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасының 4-курс студенті Ғайратжан Айда «ҚР жемқорлықты шешудің негізгі әдістері және жолдары», «Жалпы медицина» мамандығының 5-курс студенті Сущих Кирилл «Борьба с коррупцией», Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасының 4-курс студенті Солтанова Мөлдір «Студенттер жемқорлыққа қарсы» — атты, баяндамаларымен шықты.
Баяндамалар, қазіргі уақыттағы өзекті мәселенің бірі болғандықтан қызу пікір-талас тудырды. Қатысушы студенттер жемқорлықты шешудің негізгі әдістері мен жолдарын, ҚР-ң «Жемқорлық туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың жолдары туралы өз ой-пікірлерін ортаға салып, дөңгелек стөлді әрі қарай қызықтыра түсті.
Дөңгелек стөлге шақырған құрметті қонағымыз Мустафина Жанар Ғабиденқызы, қазіргі қоғамда болып жатқан сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы оқиғалардан мысал келтіріп, оларға қарсы қолданылған шаралармен таныстырды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен, ҚР қылмыстық коррупцияға қарсы тұру болашақ жастардың қолында екенін баса айтты.
Қорытындылай келе, жоғарыда айтылған барлық мәселелер қоғамдағы өзекті мәселе болғандықтан, онымен күрес жүргізу, әркімнің міндеті болып табылады.