Шетелдік студенттерге арналған ережелер

  1. Шетел азаматы және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шекарасынан өткеннен кейін 2 күнтізбелік күн мерзімінде ҚР-ның көші-қон полициясы бөлімшелерінде тіркелуге міндетті. Тіркелу үшін, Қазақстан Республикасына келген уақытта1 күн аралығында ұлттық төлқұжатты Шетел студенттерімен жұмыс бөліміне тапсырыңыз.
  2. Виза мерзімін ұзарту үшін, виза уақытының аяқталуына 30 күн алдын ала ұлттық төлқұжатыңызды бөлім мамандарына тапсырыңыз; Визаны ұзарту үшін:
  • Ұлттық төлқұжаттың 2 көшірмесі
  • Оқу визасын төлеу туралы түбіртегі
  • Фото 3*4 (1 дана)
  1. Шетел азаматы жалдамалы пәтерге тек қана пәтер иесінің нотариалді келісімі арқылы тіркеледі. Келісім (түпнұсқасы) бөлімге тапсырылады.
  2. Шетел студентінің ұлттық төлқұжатындағы ақпарат өзгертілген немесе түзелтіген жағдайда (аты-жөні, туған жылы т.с.с.) студент өз мемлекетінің елшілігінен растау анықтамасын бөлімге тапсыруы тиіс;
  3. Академиялық үзіліс кезінде шетел студентінің виза мерзімінің күші белгілі уақыт аралығына жойылады.
  4. Оқу визасын иеленген щетел азаматтарына мемлекет аймағында жұмыс жасауға тыйм салынады. Бұл заңдылықты бұзған шет ел студенттеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік заңы бойынша жазаға тартынын (соның ішінде депортация) ескертеміз.
  5. Оқу жылы барысында басқа бір себептермен мемлекеттен кететін жағдайда әрбір шетел студенті бөлімге өзіне қарасты деканның келісімі бар өтінішті тапсыру тиіс;
  6. Әкімшілік құқық бұзушылық жағдайында жауапкершілікті өз мойныма аламын.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Оқу жылы аралығында Қазақстан Республикасының шекарасын себепсіз аспауларыңызды сұраймыз!