Құрметті әріптестер! Сіздерді «Мемлекеттік тілдің цифрландыру дәуіріндегі әлеуеті: лингводидактика және инновациялар» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияның мақсаты:

Мемлекеттік тілді оқытуда озық әдістермен және тәжірибелермен алмасу;

Цифрландыру дәуірінде тіл үйретуде инновациялық технологияларды қолдануды жетілдіру;

Жоғары мектеп жағдайында мемлекеттік тілді оқыту үдерісінің көпфакторлылығын анықтау;

Лингводиктиканың өзекті мәселелерін айқындау

Конференцияның негізгі бағыттары:

  • Мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын жетілдіру жолдары;
  • Білім беру кеңістігінде цифрлық технология мүмкіндіктерін қолдану;
  • Лингводидактика және функционалдық грамматика мәселелері;
  • Тілдерді үйретудің халықаралық тәжірибесі;

Конференцияға қатысушылар: шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары, докторанттар мен магистранттар және басқа да мүдделі тұлғалар.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Конференцияның өтетін күні: 24 сәуір 2025 жыл

Конференцияның форматы: онлайн+офлайн (конференцияға тіркелген қатысушыларға ақпарат қосымша жіберіледі).

Ұйымдастырушы: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Халықаралық факультеті, Тілдік пәндер кафедрасы.

Мақаланы және өтінімді 2025 жылдың 24 сәуіріне дейін [email protected] электронды поштасына жіберу қажет. Байланыс телефоны: +77772726910 (WhatsApp), +77770867677 (WhatsApp)

Конференцияға қатысу және мақала жариялау ТЕГІН.

Конференция қорытындысы бойынша ISBN тағайындаумен электронды жинақ шығару жоспарланған.

Конференцияға ұсынылған материалдардың мазмұнына авторлар жауапты. Материал плагиатқа тексеріледі. Түпнұсқалықтың шекті пайызы 70% құрайды.

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: мақаланың көлемі 5-7 беттен аспауы тиіс, редакторы – WORD, кегль 14. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN қарпімен жазылуы қажет. Жоларалығы – 1,0 интервал. Мақала электронды нұсқада ұсынылуы тиіс. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішіне алынып [1, 25б.]), мақала соңында сол ретімен беріледі. Мақала тақырыбы ортаға кіші әріппен, жартылай жуан шрифтпен (кегль 12) жазылады; төменірек оң жақта автордың аты-жөні, жартылай жуан шрифтпен (кегль 12), ғылыми атағы мен дәрежесі, астына курсивпен жұмыс орны, қала, мемлекет көрсетіледі (кегль 12). Парақ параметрлері: үстіңгісі мен астыңғысы – 20 мм, сол жақ – 30 мм, оң жақ – 15 мм. 2 интервалдан кейін мақала аннотациясы: қазақ тілінде жазылған мәтін үшін – орысша, ағылшынша түйіндеме, орыс тілінде жазылған мәтіндер үшін – қазақша, ағылшынша түйіндеме, ағылшын тілінде жазылған мәтіндер үшін орысша, қазақша берілуі тиіс (150 сөз), және бір интервалдан кейін түйін сөздер (5-10).

Өтетін орны: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Төле би 94

Конференцияға қатысушының өтінімі:

Аты-жөні (толығымен)
Жұмыс орны
Қызметі
Ғылыми атағы, дәрежесі
Мақаланың тақырыбы
Мекенжайы (мемлекет, қала)
Оқу орны, кафедрасы
E-mail
Телефон
Қысқаша аннотация (2-5 сөйлем)