Халықаралық факультет

Халықаралық Факультет 2016 жылы 6 қазанда ашылды.

Шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі деканат университетте білім алатын шетелдік студенттер санын арттыру, шетелдік студенттердің оқу сапасын арттыру, және Ғылыми кеңесінің Болон хартиясына сәйкес университеттің халықаралық рейтингін жоғарылату мақсатында, ректордың 04.09.2012ж. № 747 бұйрығымен, Университеттің Ғылыми кеңесінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі шешімінің (31.08.2012ж. № 1 хаттама) негізінде құрылды.

Біздің миссиямыз:

21 ғасырдың сын-тегеуріндерін ескере отырып, халықтың денсаулығын жақсартуға ықпал ететін медицина ғылымын, заманауи әдістер мен технологияларды түбегейлі түсінетін, біліктілігі жоғары, құзыретті, жан-жақты медицина қызметкерлерін даярлау

Біздің пайымымыз:

Білім беру бағдарламаларының жоғары сапалылығымен және өзектілігімен танымал медициналық мектеп Денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілетті және бүкіл әлемде сұранысқа ие көшбасшылардың жаңа буынын дайындайды.

Халықаралық факультет туралы

– Кафедра жетекші университеттермен әріптестік қарым-қатынас орнату арқылы білім беру, клиникалық және ғылыми қызметтің сапасын қазіргі әлемдік талаптар деңгейінде ілгерілетуге ұмтылады.

– Департаменттің міндеттеріне халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау, әлемдік рейтингтегі топ-500 ішінен шетелдік әріптестермен ұзақмерзімді халықаралық қатынастарды жоспарлау, сондай-ақ білім беру, клиникалар және ғылым саласында лайықты серіктестерді іздеу кіреді.

– Университет шетелдік жетекші университеттермен келісімдердің негізінде халықаралық ынтымақтастыққа қатысады, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асырады, бірлескен зерттеу қызметін жүргізеді, халықаралық семинарлар мен конференцияларды ұйымдастырады.

– Университет студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуына ықпал етеді және шақырылған профессорлар мен халықаралық профессор-оқытушылар құрамын іске тартады.

– ҚазҰМУ қазіргі уақытта шетелдік студенттерінің саны жағынан еліміздегі жетекші университет болып табылады, университетте 2799 студент оқиды, соның ішінде 2459-ы түрлі елдерден келген шетелдіктер.

– ҚазҰМУ шетелдік студенттері бірінші кезекте “Жалпы медицина” және “Педиатрия” мамандықтары бойынша білім алады.