«Халықаралық факультеттің 1-курс студенттерімен кездесу»

2025 жылғы 15 желтоқсанда Халықаралық факультеттің 1-курс білім алушыларымен кездесу академиялық мәселелерді таныстыру бойынша өтті. Кездесу барысында білім алушылар факультеттегі оқу процесінің ұйымдастырылуымен толық таныстырылды. Оқу бағдарламаларының ерекшеліктері, оқу жылының құрылымы, бағалау жүйесі және сабаққа қатысу ережелері түсіндірілді.

Іс-шараға студенттік ұйымдардың SDF, AIS, Dementor өкілдері, сондай-ақ тәрбие жұмысы бойынша бас маман — Ыбырай Айтолы, 1-курс бас маманы — Кұрманжанова Мөлдір, сондай-ақ факультет белсенділері қатысты.

Кездесу барысында білім алушылардың мінез-құлқының негізгі қағидалары, академиялық адалдық принциптері, академиялық адалдықты бұзу түрлері мен деңгейлері, этика ережелері және студенттердің университеттегі жауапкершілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, «Сен Қазақстанды қаншалықты жақсы білесің?» тақырыбында викторина өткізілді, оның мақсаты — білім алушылардың Қазақстанның тарихы, мәдениеті және дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту.

Кездесу соңында білім алушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, өзекті мәселелер бойынша жауаптар алды.