Департамент туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі №317 қаулысымен Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беруді реформалау тұжырымдамасы қабылданды. Қабылданған Тұжырымдамаға сәйкес жоғары медициналық білімі бар мамандарды даярлау «Жалпы медицина» мамандығы бойынша базалық медициналық білім беру шеңберінде жүзеге асырылады. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша дәрігерлерді даярлау мақсатында бітірушінің негізгі құзыреттері айқындалған мемлекеттік білім беру стандарты әзірленді.

Шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі деканат университеттің Оқу кеңесінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1 хаттамасымен қабылданған шешімі негізінде 2012 жылғы 4 қыркүйектегі №747 ректордың бұйрығымен құрылды. Деканаттың негізгі мақсаты – шетелдік студенттерді оқытудың сапасын арттыру, университетте білім алатын шетелдік студенттердің санын көбейту және Болон хартиясына сәйкес университеттің халықаралық рейтингін арттыру.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Басқармасының 2026 жылғы 11 тамыздағы шешімімен Халықаралық факультет Шетелдік білім алушылармен жұмыс жөніндегі департамент болып аталды және Медицина мектебінің құрамына кірді.

  • Қазіргі уақытта ҚазҰМУ шетелдік студенттер саны бойынша еліміздегі жетекші университет болып табылады. Университетте 1650 студент білім алуда, оның ішінде әртүрлі елдерден келген 1378 шетелдік студент бар.
  • ҚазҰМУ-дың шетелдік студенттері негізінен «Жалпы медицина» және «Медицина» мамандықтары бойынша білім алады.