2026 жылдың 12 наурызында Дүниежүзілік бүйрек күніне орай “Нефрология мектебі” өтті. Нефрология кафедрасының меңгерушісі Абай Мұсаұлы Шепетов әріптестерін Дүниежүзілік бүйрек күнімен құттықтап сөз сөйледі
Шақырылған шараға ангиохирург Сұлтан Әкімжанұлы Илиев өзінің клиникалық жағдайлары мен әдістерімен бөлісті. Төрт баяндама ұсынылды:
- Нефрология кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы Абай Мұсаұлы Шепетовтың «Тамырға қол жеткізу мәселелері: АВФ проксимальды сегментінің стенозы». Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
- «Орталық веналық стенозды түзету әдісі ретінде перкутанды транслюминальды ангиопластика (клиникалық жағдай)» авторы: Сұлтан Әкімжанұлы Илиев, ангиохирург, флеболог, Орталық қалалық клиникалық аурухана, UO3, Алматы
- «Катетермен байланысты қан ағымы инфекцияларын диагностикалау және емдеу» авторы: Нұрлыбек Шырайлым Нұрлыбекқызы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің нефрология кафедрасының екінші курс резиденті
- «Гемодиализ кезінде катетерлерді бұғаттауға арналған ерітінді ретінде натрий бикарбонаты мен гепаринді салыстыру» авторы: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің нефрология кафедрасының екінші курс резиденті Сайфулла Нұртілеу Фархатұлы








