«Қош келдің әз-Наурыз» тақырыбына арналған кеш

  1. 04. 2025 ж. күні «Тілдік пәндер» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Қош келдің Әз-Наурыз» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаттары мен міндеттері:

  1. Атадан келе жатқан салт – дәстүрімізді болашақ ұрпаққа дәріптеу;
  2. Қазақтын жаңа жылы туралы шет елдік студенттерге қысқаша мағлұмат беру;
  3. Наурыз мейрамын тойлау арқылы оны құрметтей білуге тәрбиелеу;
  4. Наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, ұлтық құндылықтарымызды насихаттау.

Іс-шара қонақтары С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Халықаралық факультет мектебінің деканы Н.Ж. Джардемалиева, тілдік пәндер кафедрасының меңгерушісі А.Т.Бактыбаева және тәрбие жұмысына жауапты лектор Л.С Бекпентаева қатысты. Іс-шараға 1,2,4 курс шетел студенттері және 24-013,014 медицина, 24-001,003 денсаулық сақтау факультеттерінің студенттері қатысты. Мерекелік кештің құттықтау сөзі Халықаралық факультет деканы Н.Ж.Джардемалиева мен тілдік пәндер кафедрасының меңгерушісі А.Т.Бақтыбаеваға берілді.

Ұйымдастырушылар: оқытушылар А.А Бижанова, М.А Шаихова, Р.Р.Турумбаева, А.М.Ибрагимова, К.С.Кожанова, А.А Рыспанова, Н.Т. Султанова.

Наурыз-бұл көктемнің келгенін білдіретін, тазалық пен жаңару мейрамының айқын көрінісі. Тақырыпқа байланысты студенттерге ағылшын тілінде “Happy Nauryz” видео ролигі көрсетілді, салт – дәстүр бойынша тұсау кесер рәсімі жасалды және кеш ән- бимен жалғасын тапты. Кеш барысында қазақтың дәстүрлі тағамдары таныстырылды.

Тәрбиелік кештен студенттер өздеріне Наурызға байланысты көптеген мәліметтер алды. Келер ұрпаққа салт – дәстүрді жеткізу және дамыту керек екендігі түсіндірілді. Студенттерді имандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып дәстүрімізді қастерлеуге, сақтауға шақырдық. Кеш сонында оқытушылар мен студенттерге және кеш қонақтарына бауырсақ, құрт, ірімшік және Наурыз көже таратылды. Кеш мәнді, мағыналы және өте әсерлі өтті.

Қорыта айтқанда, бүгінгі тәрбиелік кеш Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі әр шаңыраққа бақыт, береке және тыныштық әкелетін мейрам екендігіне көз жетті. Наурыз мерекесі -жақсылыққа толы болып, жүректерімізді мейірім мен қуанышқа бөлейтін және әрбір қазаққа ерекше ықпал ететін мейрам екендігіне көз жеткіздік. Еліміздің болашағы біздің жастарымыздың қолында. Алдағы уақытта да көптеген осындай кештер жиі өткізіліп тұрса, келешек ұрпақтың рухын көтереміз деген сенімдеміз.