Студенттік ғылымның қызықты әлеміне қош келдіңіздер!
ҚазҰМУ –нің жалпы гигиена және экология кафедрасында ғылыми үйірме 1933 жылдан бері жұмыс істеуде. Көптеген ірі ғалым-гигиенистер мен экологтар біздің осы ғылыми үйірмеде алғашқы еңбек жолдарын бастаған. Бүгінде, әрбір студент өзінің ғылыми қызығушылығына байланысты өз еркімен және ерікті түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын қызықты тақырыптарын немесе ғылыми жетекшісінің ұсынуы бойынша берілген тақырыптарды таңдап алады. Студент үйірмеге қатысушы ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау барысында ҒЗЖ жетекшісі оқытушыдан едәуір көмек алуға мүмкіндігі бар, соның ішінде ғылыми зерттеулержді жүргізу әдістерін білуге, қазіргі заманауи жаңа концепцияларымен танысуға, пленарлы мәжілістерде және конференцияларда ғылыми жұмыс нәтижелерін баяндай алуына, жетекші медициналық және биологиялық журналдарда жұмыстарын жариялай алуына мол мүмкіндігі бар.
Үйірмеге қатысушалардың саны жылдан жылға артуда, сонымен бірге, студенттердің қызығушылықтары да жоғарылауда. Өткен жылда кафедрадағы студенттердің ғылыми үйірмесінің жұмысы ұмтылмастай орын алған оқиғаларға толы болды. Ғылыми зерттеу және тәжірибелік жұмыстарда үйірмегше қатысушылар зор жетістіктерге сонымен бірге, бәйгелер конференцияларда жүлделі орындарға ие болды. Кафедра үйірмесіне катысқан студенттер бірнеше рет жоғарғы оқу орындары ішінде (соның ішінде «ғылым күні» байланысты жыл сайынғы өткізілетін студенттік ғылыми конференцияда) жүлделі орындарды иеленді.
СҒҮ жұмысының ғылыми бағыты: «Қоршаған орта және тұрғындар денсаулығы» .