“Мұғалім, педагог, тәлімгер – бұл мамандық емес, сол атқа лайық болу “

2025 жылдың 1 наурызында тілдік пәндер кафедрасында Алғыс айту күніне арналған “Мұғалім, педагог, тәлімгер – бұл мамандық емес, сол атқа лайық болу ” атты кездесу өткізілді. Бұл мереке халықтар арасындағы жылулық пен жақсы қарым-қатынасты нығайтуға, өзара көмектесу мен бір-біріне құрмет көрсету құндылығын арттыруға арналған кездесу.
Кездесуге кафедра ардагерлері шақырылды. Олар осы кафедраның құрылуының бастауында болған ұстаздар: С. Е.Тілегенова, А. А.Садыкова, Э. Д. Саттарова, А. Н. Аубакирова, Т. В. Лутковская және т. б. Құттықтау сөзімен ХМФ деканы Н. Ж. Джардемалиева сөз сөйледі. Кездесу жылы және достық аясында өтті. Қонақтар өздерінің кафедрадағы жұмыс күндеріндегі естеліктерімен, әріптестерімен және студенттермен бірге өткен іс-шаралары және т.б. туралы естеліктерімен бөлісті.
Қатысушылар көптеген жағымды эмоцияларға ие болды және осы мерекелік іс-шараның тілдік пәндер кафедрасында жақсы дәстүрге айналуына тілек білдірді. Кездесуді қорытындылау үшін тілдік пәндер кафедрасының меңгерушісіне А.Т.Бақтыбаеваға сөз берілді. Өз сөзінде қонақтарға зор денсаулық тілеп, осы шараға қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді.