2026 жылғы 7 қаңтарда Халықаралық факультет деканы Джардемалиева Нұржамал Жеңісқызы №7 жатақханада студенттермен кездесу өткізді. Кездесуге 1-курс студенттерімен қатар жоғары курс білім алушылары да қатысты.
Сапар аясында декан жатақхананың тұрғын бөлмелері мен ортақ пайдаланылатын орындарын аралап шықты. Аралау барысында студенттермен ішкі тәртіп ережелерін сақтау, бірге тұру мәдениеті, тазалық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ тыныштық режимін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Студенттердің тәртібі мен жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Кейбір бөлмелердегі санитарлық жағдайдың сақталмауына байланысты ескертулер жасалды. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша студенттерге тиісті ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, қыс мезгілінде студенттердің жылы киініп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігі айтылды. Жаңа семестрдің дүйсенбі күні басталатыны ескертіліп, оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарап, алдын ала дайындалу қажеттігіне ерекше көңіл бөлінді.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.



