2025 жылғы 5 желтоқсанда 2 курс білім алушыларымен онлайн-кездесу өтті. Кездесу барысында Антикоррупциялық комплаенс қызметінің басшысы Ислямов Алижан Айсайұлы университеттегі этика, студенттердің жауапкершілігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық принциптері туралы айтып берді. Содан кейін білім алушыларға әр пән бойынша емтихандар қалай өтетіні туралы толық ақпарат берілді.


