Кино көрсетілім барысында буллинг туралы, сондай-ақ есірткі тасымалдаушы курьерінің жұмысы және оның қандай салдарға әкелетіні туралы бейнероликтер көрсетілді.
Көрсетілімнен кейін студенттерге бейнежазбаларға қатысты бірнеше сұрақ қойылып, буллинг құрбанына кездескен жағдайда немесе өз достарының мінез-құлқында өзгерістер байқаса, қалай әрекет ету керектігі талқыланды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, орынды жауаптар берді. Олардың бұл мәселелердің маңыздылығын түсінетіні және осындай жағдайларда қалай дұрыс әрекет ету керектігін білетіні байқалды.
Кино көрсетілім студенттер үшін қызықты әрі пайдалы болды.

