«Шетелдік білім алушылар үшін заң және құқықтық тәртіп: шекаралық және көші-қон бақылауы, инфекциялық қауіпсіздік мәселелері (Нипах вирусы)» тақырыбындағы шетелдік білім алушылармен ақпараттық кездесу.

2026 жылғы 20 ақпанда Халықаралық факультет шетелдік студенттерге арналған «Шетелдік білім алушылар үшін заң және құқықтық тәртіп: шекаралық және көші-қон бақылауы, инфекциялық қауіпсіздік мәселелері (Нипах вирусы)» тақырыбында ақпараттық кездесу ұйымдастырды.

Кездесу шетелдік студенттер мен құқық қорғау органдарының өкілдерін біріктіріп, құқықтық сауаттылықты арттыруға, көші-қон талаптарын сақтауға және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталды.

Сессия барысында Алматы облысы бойынша ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша Департаментінің қызметкері Азат Қуанышұлы «Алматы облысындағы шекаралық аймақта туристік нысандарға шетелдік студенттердің келу тәртібін сақтау: құқықтық талаптар мен профилактикалық шаралар» тақырыбында өз презентациясын ұсынды.

Сонымен қатар, Алматы қаласы УМС ПД-ның аға инспекторы Ердаулет Есенгельдиевич Үсенов және Алмалы АІІБ полиция капитаны Ахмет Ахметович Касымақынов студенттерге «Шетелдік азаматтардың визалық режимді сақтау және көші-қон заңнамасын бұзған жағдайда жауапкершілік» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, көші-қон ережелері бойынша сұрақтарына жауап берді.

Қазақстан туристік ассоциациясының ішкі және кіретін туризм менеджері Жанаберген Әліби «Қауіпсіз және жауапты туризм: шекаралық аймақта туристік нысандарға келу ережелерін сақтау» тақырыбында ағылшын тілінде презентация өткізіп, студенттерге маңызды ақпараттар ұсынды.

Іле-Алатау ұлттық паркі турист инженері Перизат Қайратқызы Сайлаукенова «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ережелер» тақырыбында баяндамасын жасап, студенттермен кері байланыс жүргізді.

Соңғы сөзді эпидемиология кафедрасының оқытушысы Basit Ateel сөйлеп, «Нипах вирусы: белгілері, қауіптері және жеке қауіпсіздік ережелері» туралы студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бұл бастама шетелдік студенттердің хабардарлығын арттыруға және Қазақстандағы оқу тәжірибесін қауіпсіз әрі заңды етуге бағытталды.