Орналасуы: Алматы қ., Масанчи көшесі 40, №5 оқу корпусы, 1-қабат, 114 кабинет.
«Менеджмент және денсаулық сақтау саясаты» кафедрасының атауы ректордың 03.09.2021 ж. № 470 бұйрығымен өзгертілді.
Кафедраның негізін қалаушы және алғашқы меңгерушісі университет ректоры, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ақанов Айқан Ақанұлы болды.
2014-2017 жылдар аралығында кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Қ. Қ. Құрақбаев басқарды.
2017-2018 жж. кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты М.М. Сатаев басқарды.
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі PhD, қауымдастырылған профессор Көшербаева Ләззат Көшербайқызы болып табылады.
Университет ректорының «Университет кафедраларын деканаттар мен оқу департаменттеріне бекіту туралы» 12.09.2017 жылғы №496 бұйрығымен кафедра Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебіне бекітілген.
Кафедраның негізін салушы |
Құрақбаев Құралбай Құрабаевич медицина ғылымдарының докторы, профессор Құралбай Құрақбайұлы өнертабысқа патенттердің және авторлық куәліктердің, монографиялар мен халықаралық және республикалық медициналық басылымдарда жарияланған 200-ден астам ғылыми еңбектердің авторы. 2018 жылдан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі республикалық және өңірлік штабтардың мүшесі, 2020 жылдан бастап МӘМС Қоғамдық-Консультативтік кеңесінің мүшесі, 2021 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау ардагерлері кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (1995 ж.), «КСРО Денсаулық сақтау үздігі», «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау үздігі» (1997 ж.) және «Денсаулық сактау саласына қосқан үлесі үшін» (2004 ж.) төсбелгілерімен, ҚР 20-жылдығы мерейтойлық медалімен (2011 ж.), ҚР 30-жылдығы (2021 ж.), «Құрмет» орденімен (2013 ж.) марапатталған. |
Ұсатаев Мұрат Мейіртайұлы медицина ғылымдарының кандидаты Мұрат Мейіртайұлы 1986 жылы 2-ші Мәскеу медициналық институтын бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты (Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ұйымы, Орынбор медициналық институты, Ресей Федерациясы, 1992 ж.). Жұмыс тәжірибесі: 07/2020 – қазіргі уақытта. «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ стратегиялық мониторинг және даму департаментінің басшысы |