ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» АТТЫ СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ (7-8 сәуір, 2026 ж.)

2026 жылдың 7-8 сәуір күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінде өткен «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция аясында «Халықаралық құқықтың өзекті мәселелері» атты 7-секция халықаралық құқық саласындағы заманауи үрдістер мен өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды ғылыми алаңға айналды.

Бұл Халықаралық ғылыми конференцияда жас зерттеушілердің зияткерлік әлеуетін танытып қана қоймай, олардың ғылыми ізденістерін жүйелеуге, тың идеялар ұсынуға және кәсіби пікір алмасуға кең мүмкіндік берді.

Секция жұмысына ҚР-ның әртүрлі жоғарғы оқу орындарынан келген 20-дан астам студенттер мен жас ғалымдардың баяндамалары тыңдалды, олардың қатарына С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Халықаралық факультетінің 3-курс студенттері Wani Umar Farooq пен Abdul Mussavir, сондай-ақ 5-курс студенті Джуванышева Калия Марсовна қатысып, жоғары деңгейдегі дайындықтарын, терең білімдері мен ғылыми ізденіске деген құштарлықтарын айқын көрсете білді.

Атап айтқанда, Abdul Mussavir «Денсаулық сақтау саласындағы киберқауіпсіздік: халықаралық құқық үшін салдары» тақырыбында баяндама жасап, медициналық деректерді қорғау мен киберқауіптердің құқықтық қырларын талдады.

Wani Umar Farooq «Халықаралық медициналық стандарттар және вакциналарға қолжетімділік: сын-қатерлер мен жаһандық стратегиялар» тақырыбында баяндама жасап, жаһандық денсаулық сақтау жүйесіндегі теңсіздік мәселелерін, халықаралық стандарттарды үйлестіру қажеттілігін және вакциналарға әділ қолжетімділікті қамтамасыз ету жолдарын жан-жақты қарастырды.

Ал, Джуванышева Калия «Жаһандық денсаулық сақтауды басқарудағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құқықтық мәртебесі мен өкілеттік шектері; халықаралық медициналық стандарттар және вакциналарға қолжетімділік: сын-қатерлер мен жаһандық стратегиялар» тақырыбында баяндама жасап, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қызметінің құқықтық негіздерін, оның жаһандық деңгейдегі рөлі мен өкілеттік шектерін терең талдап өтті.

Жас ғалымдардың ғылыми жетекшісі-Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің медициналық құқық кафедрасының лекторы, докторант Бертаева Б.С.

Конференция қорытындысы бойынша Джуванышева Калия Марсовна жүлделі II орынды иеленіп, оқу орнының абыройын асқақтатты. Ал Wani Umar Farooq пен Abdul Mussavir ғылыми жұмыстарын сәтті қорғап, жоғары деңгейдегі дайындықтарын дәлелдегені үшін арнайы грамоталармен марапатталды. Бұл жетістіктер-табанды еңбектің, сапалы білім мен жүйелі ғылыми ізденістің жарқын көрінісі.

Айта кету керек, «Фараби әлемі» конференциясы жас ғалымдардың кәсіби қалыптасуына серпін беретін, болашақ ғылымның жаңа бағыттарын айқындайтын маңызды рухани-ғылыми кеңістік ретінде өз мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.