2024-жылдың 28-қыркүйегінде Халықаралық факультет, Тілдік пәндер кафедрасының меңгерушісі, доцент А.Т.Бақтыбаеваның және кафедра лекторлары Л.С.Бекпентаеваның, Р.А.Тұрсынбаеваның, А.А.Бижанованың, Г.Т.Абдуллаеваның ұйымдастыруымен ҚР Тілдері күні мерекесіне орай «Тіл – ұлттың жаны» атты халықаралық студенттік конкурс өтті.
Конкурсқа «SARYARKA» (Karaganda Medical University), «Shipager» (Marat Ospanov West Kazakhstan Medical University), «Caspi» (Caspian University), «Therapists» (Tashkent State Dental Institute),«Тонус» (Asfendiyarov Kazakh National Medical University) атты 5 команда қатысты.
Конкурс Қазақстанда және Өзбекстанда оқитын Иорданиядан, Түркиядан, Үндістаннан, Мысырдан, Пакистанан келген шетелдік студенттер арасында онлайн және офлайн форматында өтті.
Халықаралық студенттік конкурс үш кезеңнен тұрды: І тур – Өзінің университеті туралы бейнебаян, ІІ тур – Сұрақтарға жылдам жауап беру, ІІІ тур – капитандар сайысы.
Іс-шараға Халықаралық факультетінің деканы Джардемалиева Нұржамал Жеңісқызы және Қарағанды мен ҚРМА-дан келген өкілдер қатысты.
Конкурс нәтижесі бойынша 1-орынды С.Ж.Асфендияров ат. ҚазҰМУ-дың «Тонус» командасы иеленді, 2-орынды Ташкент стоматология институтының «Therapists» командасы мен М.Оспанов ат. Батыс Қазақстан медицина университетінің «Shipager» командасы бөліссе, 3-орынды Қарағанды медицина университетінің «SARYARKA» командасы мен Каспий университетінің «Caspi» командалары қанжығаларына байлады.
Үш тілде өткізілген конкурс шетелдік студенттердің Қазақстан және медицина туралы дүниетанымдарын кеңейтуімен қатар, олардың бойында интернационализм мен толеранттылықтың қалыптасуына ықпал еткені сөзсіз. Жоғары деңгейде өткен конкурс тапсырмалардың шығармашылық тұрғыдан берілуімен ерекшеленді және қатысушылардың осы тілдерді одан әрі тереңдеп үйренуге деген қызығушылығын арттырды деп айта аламыз.