«6B10107 – Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы бойынша 5 курс білім алушылары — Mohammad Manan Zahoor, Mohamed Mohamed Ahmed Mabrouk және Ekunde Shweta Jotiba — «ТМД-ның үздік студенті» халықаралық байқауына қатысты.
Аталған байқау «BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша білім алушылар ТМД елдерінің жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін I дәрежелі «ТМД-ның үздік студенті» дипломымен марапатталды.



