«Экологиялық мәдениет және экологиялық қауіпсіздік» тақырыбында тренинг өткізу туралы есеп

Қазақ ұлттық медицина университеті С.Д. Асфендияров атындағы тілдік пәндер кафедрасы және Халықаралық факультет операциондық жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 3 ақпанда «Экологиялық мәдениет және экологиялық қауіпсіздік» тақырыбында тренинг өткізді. Байқаудың ұйымдастырушысы – доцент Бактыбаева А.Т., лекторлар – Турсынбаева Р.А., Бекпентаева Л.С., ассистент Уалиева З.К. Тренингке медицина, халықаралық қатынастар, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, мейіргер ісі факультеттерінің студенттері қатысты. 16 студент-қатысушы 4 командаға бөлінді: Лесники, Д3, Романтики және Herba.

Тренингті халықаралық факультет деканы Джардемалиева Нұржамал Женісқызы салтанатты түрде ашты.

Бұл іс-шараның мақсаты келесі міндеттерді жүзеге асыру болды:

  1. адамның табиғаттағы белсенді рөліне деген түсінікті қалыптастыру.
  2. экологиялық мәдениеттің құндылықтық-мағыналық дүниетанымдық негіздерін қалыптастыру.
  3. табиғатқа және барлық тіршілік формаларына ұқыпты қарым-қатынасты тәрбиелеу.
  4. экологиялық әдеттерді бекіту.

Тренингтің қорытындыларына 5 адамнан тұратын құзыретті әділқазылар алқасы баға берді: Зайсанбаев Т.К., Кудиярбекова М.К., Савчиц Н.Е., Шаихова М.А., Бижанова А.А. Олар 1, 2, 3 орындарды иеленген жеңімпаздарды анықтады.

Халықаралық факультет деканы Джардемалиева Н.Ж. қатысушыларды құттықтап, жеңімпаздарға дипломдар тапсырды.