- Шетел азаматы және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шекарасынан өткеннен кейін 2 күнтізбелік күн мерзімінде ҚР-ның көші-қон полициясы бөлімшелерінде тіркелуге міндетті. Тіркелу үшін, Қазақстан Республикасына келген уақытта1 күн аралығында ұлттық төлқұжатты Шетел студенттерімен жұмыс бөліміне тапсырыңыз.
- Виза мерзімін ұзарту үшін, виза уақытының аяқталуына 30 күн алдын ала ұлттық төлқұжатыңызды бөлім мамандарына тапсырыңыз; Визаны ұзарту үшін:
- Ұлттық төлқұжаттың 2 көшірмесі
- Оқу визасын төлеу туралы түбіртегі
- Фото 3*4 (1 дана)
- Шетел азаматы жалдамалы пәтерге тек қана пәтер иесінің нотариалді келісімі арқылы тіркеледі. Келісім (түпнұсқасы) бөлімге тапсырылады.
- Шетел студентінің ұлттық төлқұжатындағы ақпарат өзгертілген немесе түзелтіген жағдайда (аты-жөні, туған жылы т.с.с.) студент өз мемлекетінің елшілігінен растау анықтамасын бөлімге тапсыруы тиіс;
- Академиялық үзіліс кезінде шетел студентінің виза мерзімінің күші белгілі уақыт аралығына жойылады.
- Оқу визасын иеленген щетел азаматтарына мемлекет аймағында жұмыс жасауға тыйм салынады. Бұл заңдылықты бұзған шет ел студенттеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік заңы бойынша жазаға тартынын (соның ішінде депортация) ескертеміз.
- Оқу жылы барысында басқа бір себептермен мемлекеттен кететін жағдайда әрбір шетел студенті бөлімге өзіне қарасты деканның келісімі бар өтінішті тапсыру тиіс;
- Әкімшілік құқық бұзушылық жағдайында жауапкершілікті өз мойныма аламын.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Оқу жылы аралығында Қазақстан Республикасының шекарасын себепсіз аспауларыңызды сұраймыз!
