«Экологиялық мәдениет және экологиялық қауіпсіздік» тақырыбындағы тренингке шақырамыз

Хабарландыру!

2025 жылдың 3 ақпанында Тілдік пәндер кафедрасы мен Халықаралық факультеті «Экологиялық мәдениет және экологиялық қауіпсіздік» тақырыбында тренинг өткізеді.

Мақсаты: адам мен табиғаттың тығыз байланысы туралы түсініктерін өзектілендіру.

Тренинг міндеттері:

  • студенттердіэкологиялықтәрбиенің бағыты ретінде экологиялық-психологиялық дайындық ұғымымен таныстыру;
  • адамныңтабиғатқажанашырлық сезімін дамыту; табиғат объектілерімен өзін сәйкестендіру дағдыларын бекіту;
  • табиғаттатазалықтысақтау және негізгі мақсатына жеткен заттарды қайта пайдалану дағдыларын дамыту;
  • адам мен табиғатарасындағыжақындық пен ажырамас байланыс сезімін тәрбиелеу.

Тренингке қатысушылар: Медицина, Стоматология, Денсаулық сақтау факультеттерінің студенттері
Жұмыс форматы: командалық
Жұмыстың әдістері: әлеуметтік-экологиялық тренинг. Командалар 3 минуттық презентация дайындауы керек. Тренинг барысында арт-терапия әдістері, ситуациялық тапсырмалар, визуализация және сәйкестендіру әдістері, миға шабуыл қолданылады.
Өтетін орны: Желтоқсан 37 А, 302 каб
Оқу ұзақтығы: 1,5 сағат