Құқық бұзушылықтың алдын алу және мәдени мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында 1 курс білім алушыларымен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шара деканат қызметкерлері Төлегенова Ш.М. мен Ыбырай А.Б., сондай-ақ студенттік белсенділердің қатысуымен өтті.
Кездесу барысында білім алушыларға күнделікті өмірде өзін-өзі дұрыс ұстау, қоғамдық тәртіпті сақтау, бұзақылық әрекеттерге жол бермеу және оқу уақытынан тыс кезеңде жауапкершілікпен әрекет ету қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, жатақханада тұру ережелері, жанжалдарға жол бермеу және қоғамдық орындарда мәдениетті мінез-құлық сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай түсіндіру кездесулері білім алушылар арасында қауіпсіздік, тәртіп және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.



