1 курс білім алушыларымен жиналыс

Аносов көшесі, 115 мекенжайында орналасқан жатақханада 1 курс білім алушыларымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа бас маман Құрманжанова Мөлдір, факультет белсенділері және 1 курс білім алушылары қатысты.

Іс-шара барысында жаңа жылдық мерекелерден кейінгі демалыс кезеңін ұйымдастыру және қауіпсіздік шаралары мәселелері қарастырылды. Білім алушыларға жауапты тұлғаның сүйемелдеуінсіз таулы және туристік аймақтарға (Шымбұлақ, Алма-Арасан және т.б.) баруға жол берілмейтіні, үнемі байланыста болу және өздерінің жүрген жері туралы хабарлап отыру қажеттілігі түсіндірілді. Сондай-ақ мінез-құлық этикасы мен жеке қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.