С. Ж. Асфендияров Қазақ ұлттық медицина университетінің білім алушылары IMRC 2025 халықаралық конференциясының жеңімпаздары

2025 жылғы 13–14 желтоқсанда Тайланд Корольдігінің Бангкок қаласында, Phramongkutklao Medical College базасында International Medical Research Conference (IMRC 2025) халықаралық медициналық білім алушылардың ғылыми-зерттеу конференциясы өтті.

Аталған беделді форум биыл әлемнің 20 елінен келген жас ғалымдарды біріктірді. Конференцияға Азия, Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік Америка елдерінің өкілдері қатысып, 46 тайлық және 61 шетелдік медициналық мектептен ұсынылған 294 ғылыми-зерттеу жұмысы қазылар алқасының қарауына ұсынылды.

Халықаралық ғылыми алаңда С. Ж. Асфендияров Қазақ ұлттық медицина университеті атынан Халықаралық факультеттің 4-курс білім алушылары табысты өнер көрсетті.

Алтын деңгейИсгандаров Искандер, Халықаралық факультеттің 4-курс білім алушысы, конференцияның ең жоғары марапатына ие болды.

Зерттеу тақырыбы: Application of the Deepsurv model for predicting survival in very low birth weight neonates in the ICU

Ғылыми жетекшілер: Профессор Анель Тарабаева, қауымдастырылған профессор Арайлым Абильбаева (А. А. Шортанбаева атындағы жалпы иммунология кафедрасы)

Қола деңгейНарметов Даниёр ТулкунЖонович, Халықаралық факультеттің 4-курс білім алушысы, ғылыми жобасын сәтті қорғап, конференцияның қола жүлдегері атанды.

Зерттеу тақырыбы: In silico study of new piperazine derivatives (In silico әдісімен жаңа пиперазин туындыларын зерттеу)

Ғылыми жетекшісі: Фармакология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Малика Хайитова

Аталған жетістіктер университеттің жоғары ғылыми-зерттеу әлеуетін және қазақстандық медициналық ғылымның халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін айқын көрсетеді. Жеңімпаздарға жаңа ғылыми жетістіктер, шабыт пен кәсіби табыс тілейміз!