Халықаралық факультетінің студенттері «Самарқанд-2020 VI халықаралық олимпиадасында” жүлделі номинацияларға ие болды»

Халықаралық факультетінің студенттері Ысқақ Құралай “Avicenna’s disciple”, Жарылқасынова Айдана “To the top of knowledge” және Патсаев Жандос “The most erudite participant” “Самарқанд-2020 VI халықаралық олимпиадасында” жүлделі номинацияларға ие болды.

Самарқандтағы ашылу рәсімі ұлттық би мен музыкаға толы мәдени бағдарлама ретінде өтіп, қатысушыларға өзбек дәстүрлерімен жақын танысуға мүмкіндік берді. Шарадан кейін ұйымдастырушылар атақты самарқандық палаудан дәм татқызды.

Студенттердің айтуынша, бұл сапар олардың кәсіби тәжірибесін кеңейтіп, әртүрлі елдерден келген жастармен байланыс орнатуға және Өзбекстан мәдениетін сезінуге жағдай жасады.