Тілдік пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 06.03.2025ж. күні, сағат 12.50-де «Гүл мереке-күн мереке, 8-наурыз!» атты әдеби музыкалық кеш өтті.

Мерекелік кешке халықаралық медицина факультетінің деканы Джардемалиева Нұржамал Жеңісқызы және 2 Жалпы медицина мектебінің деканы Шопаева Гульжан Амангельдиновналар қатысты. Тілдік пәндер кафедрасының меңгерушісі Бақтыбаева Аннель Тлеумағамбетқызы құттықтау сөз сөйледі. Кешті жүргізушілер стоматология мектебінің 1 курс 24-016 топ студенттері Ахмеджанов Фарис пен Диас Аружан 3 тілде апайлармен ару қыздарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тіледі! Ирисматов Еркінбек, Раштанов Никита, Шеремета Эдуард, Лим Менхван Абдрахман Асылбектің «Әйел құдыреті», Ахмеджанов Фарис Олжас Сулейменовтың «Женщина» өлеңдері үлкен қошаметке ие болды. Кеш барысында күй орындалды, ән де айтылды, би де биленді.

Төлбасаева Акерке мен Шадан Ерсұлтанның орындауындағы Нұрғиса Тлендиевтің «Ата толғауы» күйі, халықаралық медицина факультеті 1курс 76 топ студенті Гауранш Алагтың орындауындағы «Бозторғай ана», Бегзақ Жамиләның орындауында «Перзент сыры», Қарабек Наргизаның әні, Оспанова Асыл, Сражатдинова Динора, Тайжанова Алиялардың және Дипика Дагар, Уннати Гоэль, Анамикалардың мың бұралған билері, әндері көпшілікті тәнтті етті.

Кеш қонақтарымен викторина ойыны ойналып, сыйлықтар таратылды.

Кешті ұйымдастырған ассоц.проф. Р.Ш.Абдисулейменова, лектор У.А.Ботатаева, асс.профессор А.С.Бурахановаларға кеш қонақтары ризашылықтарын білдірді.