07.02.2025 ж. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Тәрбие жұмысы бөлімі және Тілдік пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен ҚазҰМУ студенттерінің арасында М.Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты байқау өтті.

Байқауға М.Мақатаевтың шығармашылығына қызығушылық танытқан университетіміздің Медицина, Педиатрия, Стоматология, Фармация, ҚДС, Халықаралық факультеті мектептерінің 1-4 курс студенттері қатысты. Байқау

  • Мұқағалидың поэзиясы;
  • Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер;
  • Жас ақындардың жеке шығармашылығы аттыноминациялары бойынша жүргізілді.

Кеш қонақтары және әділқазылар мүшесі: ҚЖО мүшесі, ақын, Түріксойдың “Түркідүниесі мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегі үшін” медалінің иегері, Президенттің “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері, Ақпарат саласының үздігі – Дәулетбек Байтұрсынұлы; Халықаралық факультеті деканы -Джардемалиева Нұржамал Жеңісқызы; Тәрбие бөлімі маманы – Салқынбекова Ақерке Мухтарқызы және Халықаралық факультеті деканатының бас маманы – Ыбырай Айтолы Болатбекқызы; Тілдік пәндер кафедрасының ассоц.проф., ф.ғ.к. Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлы болды.

Студенттер ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның сөзіне жазылған халық арасына кеңінен таралған танымал әндерін шырқады, сонымен қатар М.Мақатаевқа арнау өлеңдерін оқыды.

Кеш соңында Тілдік пәндер кафедрасының меңгерушісі Бақтыбаева Аннель Тлеумағамбетқызы қорытынды сөз сөйлеп, жүлделі орынға ие болған студенттерді дипломдармен және сертификаттармен марапаттады. Кештің көңілді өтуіне атсалысқан барша қонақтар мен студентерге алғыс айтамыз!