2025 жылдың 25 қаңтарында С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Тілдік пәндер кафедрасы Халықаралық медицина мектебінің студенттерімен мәдениетаралық өзара түсіністік бойынша тренинг өткізді

Тренинг мақсаттары:

  1. Қатысушылардың мәдени айырмашылықтар туралы хабардар болу деңгейін көтеру.
  2. Мәдениетаралық ортада тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
  3. Басқа мәдениет өкілдеріне толерантты көзқарасты қалыптастыру.

Баяндамаларды талқылауға GM 21-098, GM21-099, GM21-100, GM21-101 топтарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Негізгі тақырыптары мен мазмұны:

Мәдениетаралық түсіністікке кіріспе

Мәдени айырмашылықтар және олардың қарым-қатынасқа әсері

Мәдениетаралық қарым-қатынас дағдылары

Тренинг барысында студенттер мәдениетаралық өзара әрекеттесу жағдаяттарын талдап, топтық тапсырмаларды орындады және жанжалды жағдайлардың шешімін табуға бағытталған рөлдік ойындарды орындады.

Пікірталас және сұрақ-жауап түрінде кері байланыс берілді.

Тренинг нәтижесінде студенттер мәдени айырмашылықтар және олардың өзара әрекеттесуге әсері туралы негізгі білім алды, тиімді мәдениетаралық қарым-қатынас дағдылары қалыптасты, студенттер басқа мәдениет өкілдерімен қарым-қатынаста типтік қателерді тануды және болдырмауды үйренді.