С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 95 жылдығына арналған «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ЦИФРЛАНДЫРУ ДӘУІРІНДЕГІ ӘЛЕУЕТІ: ЛИНГВОДИДАКТИКА ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжиірбелік конференция қорытындысы бойынша қарары

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Цифрлық технологияларды қолдануға аса мән берген жөн қазақ тілінің алдағы тағдыры, еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеті көбіне осыған байланысты» деген бастамасымен елімізде ғылымды дамыту және ғалымдарды қолдау бойынша цифрландыру саясатының жүзеге жүйелі түрде жүргізілуі Қазақстан ғылымының әлемдік деңгейдегі көрсеткішінің артуына септігін тигізеді деп санаймыз. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 95 жылдығына арналған конференция мемлекеттік тілдің цифрландыру дәуіріндегі әлеуетін ЖОО арасында жаһандық бәсекеге қабілетін арттыруға бағытталды.

Мемлекеттік тілді оқытуды цифрландыру ғалымдардың зерттеуінше, мемлекет тарапынан цифрландыру саясатының жүзеге асырылуын жіті қадағалау; жалпыұлттық деңгейде айрықша көңіл бөлу, қаржыландыру; цифрландыру үдерісін ғылыми-тәжірибелік зерттеу; қоғам тарапынан қолдау табуды қамту конференция тақырыбының және оның шеңберінде қаралатын мәселелердің өзектілігін растайды.

Білім беру үрдісін цифрландырудың үш бағыты білім беру үдерісін цифрландыру, цифрлық білім беру контенті, білім беруді басқаруды цифрландыру мәселелері қозғалды. Қазақ тілінің болашақтағы тағдыры оның жаһандық бәсекеге төтеп беруі осы цифрлық технологияларды дұрыс қолдануға тікелей қатысты.

Пленарлық отырыста Англиядан, Туркиядан (5 ғалым), Венгриядан, Қытайдан, Ташкенттен, Бұхарадан (2 ғалым), Қырғызстаннан, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан) ғалымдар қатысты.

Конференция жұмысына офлайн және онлайн форматтағы 40-тан аса адам қатысып, пленарлық отырыста және секцияларда баяндамалар тыңдалды.

Конференция жұмысы үш секция бойынша ұйымдастырылды. Білім беру кеңістігінде цифрлық технология мүмкіндіктерін қолдану секциясында цифрлық технология мүмкіндіктерін мемлекеттік тілді оқыту барысында қолдану талқыланып, он баяндама жасалды.

Мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын жетілдіру жолдары секциясында мемлекеттік тілдің қолданысын жетілдірудің түрлі жолдары әңгімеге арқау болды.

Лингводидактика және функционалдық грамматика мәселелері бойынша үшінші секцияда ғалымдар заманауи білім берудегі функционалдық сауаттылық және тілді оқытудың лингвистикалық негіздерін талқылады.

Конференция қорытындысы бойынша 3 секцияға қатысушылардың пікірталастарын ескере отырып келесі шешімдерді қабылдау ұсынылады:

  1. Іс жүзінде тілдерді, ең алдымен, мемлекеттік тілді цифрлық оқыту жүйесін кеңінен қолдану қажет. Бұл тілдік пәндер, гуманитарлық және ақпараттық технологиялар саласында озық сипаттағы жоғары технологиялық бағыттарды дамыту үшін қажет. Еліміздің инновациялық әлеуетінің өсуіне тілдік пәндерді оқытуда цифрлық трансформацияның негізгі құралдары ретінде бірлескен цифрлық платформаларды құруға көшу үшін ықпал ететін болады;
  2. Мемлекеттік тілдің қолданысын жан жақты кеңінен жетілдіре отырып, білім беру кеңістігінде цифрлық технология мүмкіндіктерін қолдану жолдарын ашу;
  3. Жоғары оқу орындарында қазақ тілінің жаһандық бәсекеге қабілетін цифрландыру саясаты арқылы жіті қадағалай отырып, дәрігер мамандарын даярлауда қазақ тілін лингвоелтанымдық бағдарлы оқыту арқылы функционалдық сауаттылығын арттыру;
  4. Іргелі ғылымның нәтижелері мен оларды тілдерді цифрлық оқытуда қолдану мүмкіндігі арасындағы алшақтықты жою мақсатында “Білім берудегі цифрландыру” жобалары шеңберінде ірі сынақ стендтері мен қондырғыларын құруды көздеу тәжірибені ескеру;
  5. Тілдерді оқыту саласында бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізу және іске асыру бойынша әдістемелік қызметті орталықтандырылған жүзеге асыру мақсатында медициналық, педагогикалық, инженерлік және басқа да жоғары оқу орындары арасында жоспарлы және тұрақты педагогикалық алмасуды қарастыру ұсынылады;
  6. Еліміздің ғылыми ұйымдарының белсенді қатысуымен ғана қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ғылымның, педагогиканың ғылыми әлеуетін іске асыруға және өзара іс-қимылын тереңдетуге, сондай-ақ цифрлық оқыту шеңберінде ғылыми-техникалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі үйлестірілген іс-қимылдарды әзірлеуге ықпал ететін бірыңғай ғылыми-инновациялық кеңістік қалыптастырылуы мүмкін.