«Жалпы медицина» мектебінде Азаматтық Қорғаныс және Төтенше Жағдай бөлімінің мектеп жоспарын сай 27.11.2019ж, мектеп маманы Э.К. Тусупбекова «Өрт шыққан кезде деканаттың штаттық персоналының іс әрекеті» тәжірейбелік сабақ өткізді.
Тәжірибелік сабақта деканат ұжымына өрт шыққан кездегі алғашқы іс әрекеттер, өрт сөндіргішті қалай қолданылуы әр қызметкердің білуі қажет сұрақтар, өрт және төтенше жағдай кезіндегі ғимараттың эвакуация жоспарымен танысты. Өрт туындаған кезде ғимараттағы құрал-жабдықтардың және басқа да құнды заттардың қауіпсіздігі, ең бастысы адам өмірі көбінесе персоналдың дұрыс әрекет етуіне байланысты. Өрт сөндіру бригадасын қарсы алу керек, оларға өрт шыққан жерге бару керек, дүрбелеңге түсуге болмайтындығы айтылды.
Еңбекті қорғау, азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі бөлімінің инженері М.А.Избасарованың өрт сөндіргішті қалай қолданатыдығы, оның салмағына қарай 3 (үш) түрге бөлінетіндігі, қолмен ұстауға ыңғайлысы және әйел адамдарының көтере алу мүмкіндігі бар, (5 л дейін); өнеркәсіпте қолданылатыны (5-10л); жылжымалы және стационарлық (10 л астам), баллонның ішіндегісі ұнтақты, газ, су және көбік бөлінетіндігі, біздегісі ұнтақты болатындығын, эвакуация жоспарына сай апат жағдайындағы қосымша есіктің әрқашанда ашық тұратындығын айтып өтті.