2025 жылдың 2 мамыр айында Желтоқсан 37А ғимаратында Тілдік пәндер кафедрасында “Комикс және гендер (Қазақстанның қазіргі әдебиетіне негізделген)” тақырыбында Рөлдік ойын арқылы баяндама жасалды.

ЕСЕП

Тақырыбы: Комикс және гендер: Қазақстанның қазіргі әдебиетіне негізделген
Форматы: Рөлдік ойын арқылы баяндама
Күні: 2025 жылғы 2 мамыр
Орны: 302-кабинет Желтоксан 37А
Оқытушы: Бактыбаева А.Т.
Тындаушылар: Тілдік пәндер кафедрасының ПОҚ

Баяндаманың мақсаты: Комикстік тәсілдер арқылы қазіргі қазақ әдебиетінде гендерлік мәселелердің қалай көрініс табатынын көрсету. Гендерлік стереотиптер мен қоғамдағы рөлдік бөліністерді комикс элементтерімен сын көзбен қарау.

Формат: Баяндама рөлдік ойынмен толықтырылды. Әдеби кейіпкерлер мен қазіргі заманғы образдар арқылы көрініс қойылып, комикстік тәсілдер: гротеск, ирония, сарказм қолданылды.

Кейіпкерлер мен көрініс:

Көрініс атауы: «Құдалық 2.0: Цифрлық келін»

  • Қыз бала: заманауи, өзіндік пікірі бар
  • Анасы: дәстүршіл
  • Құда: “интернет арқылы” құда түсуші
  • Феминист блогер: әйел құқығын қорғайтын персонаж

Мақсаты: заманауи қоғамдағы дәстүр мен жаңа көзқарастар қақтығысын юмормен көрсету.

Әдеби негіздер:

  • Әсем Жапишева, «Тело и город»

«Олар сенің нәзік, көнбіс, көрікті болғаныңды қалайды. Ал егер сен ақылды болсаң – бұл күтпеген жаңалық болсын».

  • Динара Сатжан, «Өзіңе хат»

«Сарказм – менің қарсылығым. Себебі әйелдің айқайын кешірмейді, ал иронияны – кейде көтере алады».

  • Гүлнар Дулатова, «Жұма сайын күйеуге шығу»

«“Әйел адам міндетті” деген сөздерді естігенде, мен Конституцияда теңдік бар екенін еске түсіремін».

Қорытынды:

Комикс және ирония — гендер мәселелерін көркем және сын тұрғысынан жеткізудің тиімді жолы. Рөлдік ойын аудиторияның қызығушылығын арттырды және талқылау барысында терең ой тудырды. Қазіргі әдебиет авторлары юморды әлеуметтік диалог құралы ретінде шебер қолдана алады.