2025 жылдың 29-сәуір айында Желтоқсан 37А ғимаратында тілдік пәндер кафедрасында “Баршаға иммунизация адамның қолынан келетін іс” тақырыбында плакаттар байқауы өтті.

2025 жылдың 29-сәуір айында Желтоқсан 37А ғимаратында тілдік пәндер кафедрасында “Баршаға иммунизация адамның қолынан келетін іс” тақырыбында плакаттар байқауы өтті.

Байқауды ұйымдастырушылар доцент Бактыбаева А.Т., оқытушы Ултанбекова З.Т., оқытушы Байканова Н.К. Байқауды ХФ факультетінің деканы Н.Ж. Джардемалиева салтанатты түрде ашты.

Жыл сайын бүкіл әлем бойынша дүниежүзілік иммунизация апталығы өтеді. Иммунизацияның мақсаты кез-келген жастағы адамның иммундық жүйесін вируспен күресуге үйрету, түрлі аурулардың алдын алу үшін вакцинацияның маңыздылығын түсіндіру. Адамзаттың иммунизациясын көтеру үшін студенттердің өз идеяларын сурет арқылы жеткізу.

Қазылар алқасының назарына 70 плакат ұсынылды. Қазылар алқасы мүшелері доценттер Савчиц Н.Е., Кудиярбекова М.К., Исаева Ж.Т., лекторлар Лисариди Е.К., Исмаилова Ш.А. байқаудың қорытындысын жасады. Байқау барысында 6 орын және “Көрермендер көзайымы”, “Дизайнның өзіндік ерекшелігі”, “Көркемдік шеберлігі үшін”, “Шығармашылық” бойынша 4 номинациялық орындар берілді.

Кафедра меңгерушісі доцент А.Т.Бактыбаева қатысушыларды құттықтап, байқау жеңімпаздарына дипломдар мен сертификаттарды, сондай-ақ ҚазҰМУ логотипі бейнеленген бағалы сыйлықтарды табыс етті.