6 наурызда «Қазақстанның көрнекті әйелдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы ұйымдастырды. Қатысушылар еліміздің ғылым, медицина және мәдениет саласына зор үлес қосқан әйелдермен танысты. Олардың жетістіктері — таланты мен еңбексүйгіштіктің айқын мысалы. Дөңгелек үстел қатысушыларға шабыт беріп, әйелдердің қоғамдағы рөлінің маңыздылығын көрсетті.



