Кафедраның қызметі

2026 жылғы 15 сәуірде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Bauyrsaq Day» мәдени іс-шарасы өтті.

Іс-шараға жергілікті және Халықаралық факультеттің шетелдік студенттері белсенді қатысып, ұлттық дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды дәріптеуге өз үлестерін қосты.

Мереке барысында қатысушылар қазақ халқының қонақжайлылық мәдениетімен танысып, бауырсақ дайындау дәстүрінің мән-маңызын тереңірек түсінді.

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өте мазмұнды әрі әсерлі өтті. Студенттер ерекше көңіл-күй алып, іс-шарадан үлкен әсер мен жағымды эмоцияларға бөленді.


6 наурызда «Қазақстанның көрнекті әйелдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы ұйымдастырды. Қатысушылар еліміздің ғылым, медицина және мәдениет саласына зор үлес қосқан әйелдермен танысты. Олардың жетістіктері — таланты мен еңбексүйгіштіктің айқын мысалы. Дөңгелек үстел қатысушыларға шабыт беріп, әйелдердің қоғамдағы рөлінің маңыздылығын көрсетті.