Шетелдік білім алушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін таныстыру

2026 жылғы 1 маусым күні Анатомия корпусында (1-корпус, 1-аудитория, Мәншүк Мәметова атындағы аудитория) 1 курс, 2 ағымның шетелдік білім алушылары арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған семинар өткізілді.

Семинарды 1 курс, 2 ағымның кураторы Салпебаева Сандуғаш Төлендиновна өткізді.

Іс-шара барысында білім алушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұраны туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, Мемлекеттік Туда бейнеленген күн, қыран және ұлттық ою-өрнектің мағынасы түсіндірілді.

Семинардың мақсаты – шетелдік білім алушыларды Қазақстанның мемлекеттік рәміздерімен таныстыру және оларға құрмет сезімін қалыптастыру.

Білім алушылар семинарға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.