9–10 сәуір күндері И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясында Фатима Нұрғазиевна Нұрғазиеваның туғанына 115 жыл толуына арналған «ҚГМА–2026 Ғылым күндері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
📚 Конференцияға әртүрлі елдерден қатысушылар жиналып, ішкі аурулар, хирургия және басқа да бағыттар бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, шетелдік оқытушылардың қызықты баяндамалары ұсынылды.
🥈 Біз өз жетістіктерімізбен мақтанышпен бөлісеміз: С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 5-курс студенттері — Рахманберді Гүлнәз және Мадетова Назым «Ішкі аурулардың өзекті мәселелері» секциясында «Диабеттік бүйрек ауруының даму қаупін стратификациялаудың болжамдық моделі» тақырыбындағы баяндамамен 2-орын иеленді.
Ал 3-курс студенттері — Сейтимова Ақниет және Оспанова Әлия «Қант диабеті бар науқастарда HBV мультиағзалық зақымданудың қауіп факторы ретінде» және «ГЭРА және Баррет өңешінің клиникалық-эндоскопиялық ерекшеліктері» тақырыптарындағы баяндамаларымен 3-орын алды.
🌍 Ғылыми бағдарламадан бөлек, қала атмосферасын сезініп, сапардан ұмытылмас әсер алуға мүмкіндік болды.


