2026 жылғы 6 мамыр күні 2-ағымның шетелдік студенттері куратор Салпебаева Сандуғаш Төлендиновамен бірге С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті музейіне барды.

Экскурсия барысында студенттер университеттің тарихымен, жетістіктерімен, танымал түлектерімен және медициналық білім беру саласының дамуымен танысты. Музей экспозициялары университеттің қалыптасу жолы, ғылыми қызметі және оқытушылардың еліміздің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі туралы тереңірек мағлұмат алуға мүмкіндік берді.

Музейге бару студенттер үшін танымдық әрі әсерлі шара болып, олардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, университет дәстүрлеріне деген құрметін нығайтты.