«Ішкі қолдау: емтихан кезеңінде тұрақтылықты қалай сақтау керек» атты тренинг

2026 жылдың 19 мамыр күні №7 жатақхананың кітапханасында 1 курс шетелдік білім алушыларына арналған “Ішкі қолдау: емтихан кезеңінде тұрақтылықты қалай сақтау керек” тақырыбында тренинг өтті.

Тренингтің мақсаты — білім алушыларға емтихан кезеңінде эмоционалдық тұрақтылықты сақтауға көмектесу, ішкі ресурстарды тиімді пайдалануды үйрету, стрессті жеңу және оқу процесі барысында психологиялық тепе-теңдікті сақтау. Кездесу барысында қатысушылар талқылауларға белсенді қатысып, өмірдегі басымдықтарымен бөлісіп, практикалық жаттығулар орындады. Білім алушылар тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, мұндай тренингтің емтихан сессиясы алдында маңызды әрі пайдалы болғанын атап өтті.

Жылы атмосфера, ашық қарым-қатынас пен қолдау тренингті тек танымдық қана емес, шабыттандыратын іс-шараға айналдырды. Алған білім мен дағдылар білім алушыларға емтихан кезеңінен сенімді өтіп, ішкі тыныштық пен мотивацияны сақтауға көмектеседі деп сенеміз.